USD
USD
USD

Қыжыртпа. Шыңғыс ханның ұлты анықталды!

Қазақ зиялылары «Шыңғыс хан қазақ па, татар ма, әлде моңғол ма?» деген тақырыпқа бола енді бас ауыртпай-ақ қойса да болады. Әлемнің археологтары «ай қарап, жұлдыз санап» жүргенде Nege.kz тілшісі, карикатурист Ғалым Смағұл бұл даулы сұрақтың жауабын тапты...

Қыжыртпа. Шыңғыс ханның ұлты анықталды!
Фото: NEGE.kz

Бұрнағы жылдары академик Оразақ Смағұл «алдымен Шыңғыс қаған моңғол ма, жоқ па» деген мәселені анықтап алу керек деді. Мұның жауабы да дайын екен: «ХІІІ ғасырда өмір сүрген қағанның заманындағы тілді қазіргі моңғолдар түсінбейді. Арада бар болғаны 800 жыл ғана өтсе де, олардың жазуын не оқи алмайды, не түсінбейді. Ал, біз түркі тектес халықтың біріміз, осыдан 700-800 жыл бұрынғы көне түріктердің жазуын ашып, оқып жатырмыз». 

Қазақ жазушылары мен тарихшыларының көпшілігінің пікірі осыған саяды. Яғни, Шыңғыс хан моңғол да, татар да емес – қазақ! Ендеше, моңғолдар неге Шыңғыс қағанға арнап таудай ескерткіш соғып, босқа арамтер болып жүр?! Әй, бірақ, қағанды моңғол дейтіндердің де пікіріне шыдамдылықпен қарау керек. Олар да бір білгеніміз бар деп есептейді. Оның үстіне Шыңғыс хан туралы шындықты ашқанымыз жаңа ғана. Мына жаңалықтан соң «моңғолдардың» да пікірі өзгерер, бәлкім.

Математик Асқар Жұмаділдаев бір сұхбатында былай деген: «Ойбай, Шыңғысхан қазақ екен, ойбай, Адам ата қазақ екен, ойбай, Иса пайғамбар қазақ екен» дейді. Бұл нені білдіреді?! Бұл біздің ұлттың әлі дамып жетіспегендігін білдіреді. Бала деңгейінде екенін білдіреді. Бұл – провинциализм».

Асқар ағамыз дұрыс айтады. «Шыңғыс хан қазақ па, моңғол ма?» деп таласқаннан гөрі, қазақ ғылымға көңіл бөлгені жөн. Бір жағынан, осыны да ескердік. Екіншіден, белгілі математиктен қайта-қайта сөз ести бергеннің несі жақсы?  

Карикатураның тілін түсіну үшін Шыңғыс хан заманындағы тілді білу шарт емес. Карикатураның тілін қазақ та, моңғол да, татар да, шүршіт те түсінеді. Сенбесеңіз, міне, карикатураға көз салыңыз!

Дау осымен тәмам!  

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов