USD
USD
USD

Қызғылт гауһартас аукционда 60 млн долларға жуық сомаға сатылды

Таңғажайып қызғылт гауһар бәссаудада шамамен 60 млн долларға сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызғылт гауһартас аукционда 60 млн долларға жуық сомаға сатылды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. CNN арнасының мәліметіне қарағанда, Sotheby's аукцион үйінің мәліметінше, үлкен тас жұма күні 453,2 млн гонконг доллары немесе шамамен 58 млн АҚШ долларына сатылды. Бұл оның күтілген құнынан бірнеше есе жоғары.

Бағалы тас әуелде шамамен 21 млн долларға сатылады деп күтілген.

Sotheby's баспасөз релизіне сәйкес, «Уильямсонның қызғылт жұлдызы» атауымен белгілі 11,15 караттық қызғылт гауһар тарихта сатылымға ұсынылған ең таза, сирек кездесетін сұрыптардың біріне жатқызылған қызғылт гауһар тастардың бірі.

Асыл тас Танзаниядағы Уильямсон кенішінде өңделмеген 32 караттық алмастан кесілген. Оның өлшемі де, түсі де ерекше.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев