Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қызғаншақ күйеу әйелін 9 жыл бойы ұрған

Ер адам азаматтық некедегі әйеліне 9 жыл бойы күн көрсетпей, қызғаныштан көсеумен ұрып келген. Бұл сұмдық оқиға Ақмола облысында болған. 40-тағы "тиран" 28 жастағы келіншегіне ащы суды ұрттап алғанда үнемі мазақ етіп, қол жұмсайды екен. Қызғанып, қорлауының себебі де жас айырмашылығы болыпты. Ақырында, соққыдан шаршаған әйел әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығынан көмек сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызғаншақ күйеу әйелін 9 жыл бойы ұрған
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. – Менің денемнің бәрі көкала қойдай болды. Бетімнен басқа денемнің сау тамтығы қалмады. Ол бетімнен ұрмайды, өйткені көрініп қалатынын біледі. Ары қарай оның таяғына төзе алмадым, бұдан былай мұндай жағдайда бола алмадым. Балаларымның менің күнде таяқ жеп жатқанымды көргенін қаламадым, – дейді жәбірленуші Аякөз.

Полиция қызметкерлері ер адамға бар болғаны ескертпе жасады, ал жәбірленуші келіншек сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп жүр. Араздасқан отбасы 8 жастағы ұл мен 3 жасар қыз баланы тәрбиелеп отыр екен. Әзірге балалар анасымен қолдау орталығында.

– Олар біздің орталықта жарты жыл бойы тегін және қосымша заңгер, психолог сынды мамандардан кеңестер мен көмек алады. Мен бұл ең қорқынышты, ең жантүршігерлік жағдай деп санаймын. Өйткені біз мұндай ұрып-соғуды, мұндай көгергенді бұрын көрмегенбіз, – деді психолог Жанна Анапина.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі