USD
USD
USD

Қызғаншақ әйел жігітіне пышақ салды

Көкшетау тұрғынына пышақ сұққан 33 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қызғаншақ әйел жігітіне пышақ салды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE.  Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің 16-да Көкшетау қалалық полициясының кезекші бөліміне қалалық аурухананың медбикесі хабарласып, 36 жастағы жергілікті тұрғынның «іш тұсынан тілік жарақаты» диагнозымен түскенін айтқан. «Осыған байланысты тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша («Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - дейді ведомстводан. Жедел-іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары зардап шеккен ер адамға ауыр жарақатты он айы бойы кездесіп жүрген 33 жастағы таныс әйелдің салғанын анықтады. Белгілі болғандай, арақ ішіп отырған олардың арасында екеуара жанжал шығып, қызғаныштан әйел ер адамға пышақ сұғып алған. «Күдікті ұсталып, қылмысын мойындады. Қазіргі кезде оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп толықтырды ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті