USD
USD
USD

Қызғалдақты жұлғандар жауапқа тартылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз жұлуы фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызғалдақты жұлғандар жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде “Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз жұлуы мүмкін азаматтарға қатысты полицейлердің заңсыз әрекеттері” туралы бейнежазба таралған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген 120-дан астам сирек кездесетін өсімдік түрлері өседі, олардың 68-і тек облыс аумағында ғана кездеседі. Оның ішінде, ҚР Үкіметінің 31.10.2006 ж. № 1034 қаулысымен “Грейг” және “Кауфман” қызғалдақтары сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер ретінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Төлеби АПБ қызметкерлері аудан орталығы көшелерінің бірінен қолдарында қызғалдақтары бар әйел мен оның екі танысын байқап қалған. Бұл қызғалдақтар “Қызыл кітап” енгізілгенін ескере отырып, полицейлер оларды қайдан алғандарын тексеруге мәжбүр болған. Кейіннен учаскелік инспекторлар қызғалдақтардың тұрғынның жеке ауласынан жұлынғанын анықтады.

«ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген табиғатта өсетін “Грейг” және “Кауфман” қызғалдақтарын заңсыз жұлу ҚР-ның ҚК-нің 339-бабына сәйкес “сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану” сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», – дейді полицияның ресми сайты.

 

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.