USD
USD
USD

Қызға таласқан жігіт жыныс мүшесінен айырылды

Екі қарағандылық Гоголь көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің алаңында төбелесіп қалған. 38 жастағы ер адам мен 19 жастағы жігіт бір қызды бөлісе алмаған, деп хабарлайды caravan.kz

Қызға таласқан жігіт жыныс мүшесінен айырылды
Фото: NEGE.kz

.

Қарағанды, NEGE.  Нәтижесінде жас жігіт бірінші болып қол жұмсайды. Бұдан кейін екіншісі оны аямай соққыға жығады.

Тергеу мәліметінше, ер адам қолмен ғана емес, аяқпен де ұрған. Сот-медицина сараптамасы жас жігіттің жыныс мүшесіне ауыр зақым келгенін анықтады.

«Сондай-ақ, оның қас доғасы жарақаттанып, тырнақ фалангасы сынғаны белгілі болды», — делінген іс материалдарында.

38 жастағы ер адамның үстінен ҚР ҚК («Кісі денсаулығына әдейі зақым келтіру») 106-баптың 1-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Іс Қазбекби аудандық сотында қаралды. Ер адам кінәсін толықтай мойындады. Шын жүрекпен өкінгені үшін сот оның бас бостандығын тек 3,5 жылға шектеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар медициналық картасын кім және не үшін қарағанын біле алады

жеке дерек

Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейген: заңға «медициналық туризм» ұғымы енгізілмек

дәрігер

Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 8 жылға сотталды

сот балғасы

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы