USD
USD
USD

Қызды өлтіріп, денесін өртеген күдікті ұсталды

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікке ілінген жігіт ұсталды. 

Қызды өлтіріп, денесін өртеген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, қамауға алынды.

«С. есімді күдікті Алматы қаласының маңында ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Еске салайық, бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.

«Алматыда Достық 138, «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды өлтірді. Алдымен буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген. Бұл туралы үндемей қалмаңыз! Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр», – делінген жазбада.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары