USD
USD
USD

Қыздарды бопсалаған қылмыстық топ құрықталды

Астаналық қылмыстық топ қыздардың интимдік сипаттағы суреттерін таратамын деп бопсалап, ақша талап еткен, деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздарды бопсалаған қылмыстық топ құрықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері топтың ізіне түсті. Полицияның хабарлауынша, қылмыскерлер әлеуметтік желілерде танымал ресейлік блогердің атынан жалған аккаунт құрып, қыздармен танысқан.

Хабарлама жазысу кезінде олар интимдік фотоларды алмастыруды ұсынған. Сосын осы суреттермен бопсалап, ақша талап еткен.

Сонымен қатар бопсалаушылар әлеуметтік желіде ақша арнайы белгі алу, аккаунттарды жарнамалау және басқа да қызмет көрсету бойынша қызмет ұсынған.

"Күдіктілерге қатысты ақпараттық жүйені пайдаланушыларды алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы бопсалау және алаяқтық бойынша 40 факті анықталды", - деп хабарлады полицейлер.

Тергеу мүддесінде тергеудің басқа деректері жария етілмейді, деп хабарлады Астана қаласының полиция департаментіндегілер.

 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс