USD
USD
USD

Қыздар Педагогикалық Университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды

Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Г.Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Антикор. 

Қыздар Педагогикалық Университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот үкімімен Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды. Тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 га жер учаскесін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны дәлелденді.

Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келтірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков