USD
USD
USD

Қызанақ пен вирустан қауіпті вирус табылды

Түркістан облысындағы жылыжайлардан қызанақ пен бұрыштың қауіпті вирусы анықталды. Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен мәлім етті.

Қызанақ пен вирустан қауіпті вирус табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы жайтқа байланысты Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасымен жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу үшін өңірге Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс шұғыл жетті.

Алмабек Марс шағымданып, көмек сұраған түркістандық фермерлермен кездесу өткізді. Жұмыс сапарының нәтижесінде комитет тиісті шешім қабылдайтын болады. Айта кетерлігі, фитосанитариялық карантиндік бақылау нәтижесінде облыстағы үш жылыжай шаруашылығында қызанақ пен бұрыштың қауіпті жоғары патогенді карантиндік вирусы - қызанақтың қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталып отыр.

Мұны ПТР-талдаулар негізінде «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ Алматы аймақтық карантиндік зертханасы растады.

ToBRFV - жабық топырақтағы көкөніс дақылдарының қауіпті патогені. Таралу жылдамдығы жоғары болғандықтан, соңғы екі жыл ішінде вирус Еуропа, Азия және Америка елдерінде анықталып, жабық және ашық жерлерде қызанақ өндірісіне үлкен зиян келтірген. Вирус жоғары патогенді және ұзақ уақыт бойы тұқымдар мен өсімдіктерде ғана емес, сонымен қатар инертті беттерде де өміршең болып қалады. Қ

ызанақ пен бұрыш дақылдары вирустан 70 пайызға дейін шығын болады.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің фитосанитариялық бақылау бекеттерінде өсімдіктер карантині бойынша бақылау күшейтілген.

Осы жылдың 4 айында ToBRFV жұқтырған көкөніс өнімдерін (Әзербайжан – 17, Түркіменстан – 19, Иран – 6, ҚХР – 2, Түркия – 8, Өзбекстан – 24) әкелудің 76 фактісі анықталды. Барлық жүк экспорттаушы елдерге қайтарылып, тауар иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева