USD
USD
USD

Қыз алып қашу тыйылмай тұр

Қырғызстанда тағы бір қыз ұрланды. Жәбірленуші 26 жастағы Изат Курбанова. Оның туыстары милицияға арыз түсірген, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қыз алып қашу тыйылмай тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылым мәліметі бойынша, қызды Бішкек маңындағы Лебединовка ауылынан сағат шамамен 23:00-де белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті видеоға түсіп қалған. Милицияға Изаттың әпкесі шамамен 02:00-де арыз түсірген. Ол белгісіз біреулер Toyota Estima маркалы автокөлігіне қызды мәжбүрлеп отырғызып, алып кеткенін айтқан.

ІІББ өкілдері сотқа дейінгі іс жүргізу басталғанын және күдіктінің жеке басы анықталғанын айтты. Оның тұрғылықты жері анықталып, милиция қызметкерлері жіберілген.

Sputnik Қырғызстан тілшілері ұрланған қыздың туыстарымен байланысқа шыққан. Олардың айтуынша, қыз әлі табылған жоқ, бірақ "күйеу жігіттің туыстары" келген.

"Оның қайда екенін әлі білмейміз. Бірақ жігіттің туыстары келіп, қыз "алып қашу" рәсімінен кейін тұрмысқа шығуға келіскенін айтты. Ата-анасы келіспеді және қызымен сөйлесуді сұрап отыр", - дейді туыстары.

Милиция қызметкерлері кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді. Айта кетейік, Қырғызстанда қызды некеге тұру мақсатында ұрлау қылмыс болып саналады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер