USD
USD
USD

Қыз алып қашам деп сотталды

Қыз алып қашқандар 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алматы облысында достарына қалыңдық алып қашамыз деп бастары дауға қалған төрт ауылдасқа қатысты сот шешімі шығып, олардың ұзақ мерзімге бас бостандығы шектелді. 

Қыз алып қашам деп сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2019 жылдың мамыр айында болған. Сарқан ауданының 22 жастағы тұрғыны үйлену мақсатында өзінің ескі танысын алып қашуды жоспарлаған. Алып қашу операциясына ауылдас достарын шақырған. Барлығы қалыңдықтың келісімімен іске асатынына сенімді достары оған қарсы болмаған. Дегенмен, Сарқан қаласынан қалыңдықты алып қашу барысында қыз бен үйленуші жігіттің арасында ешқандай сөз байласудың жоқ екені белгілі болады. Шаңырақ көтеруге асыққан достары қалыңдығын жеткізіп беріп, өздері үйлеріне кетеді. Еркінен тыс әкелген қалыңдықты жергілікті учаскелік полиция инспекторы құтқарып, үйіне аман-есен жеткізген.

«Сарқан ауданының полициясына еркінен тыс адам ұрлау дерегі бойынша хабар түсті. Айтқан уәждерін тыңдамаған жігіттердің жібермейтінін түсінген қалыңдық амалын тауып, ішкі істер органдарына хабар береді. Зардап шегуші тарапынан полицияға арыз түсті. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 125-бабына сәйкес іс қозғалып, қылмыстың мән-жайы анықталды»,  –  деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жақында Сарқан ауданының соты «сүйіктісін» алып қашқан әрекеті сәтсіз шыққан 22 жастағы тұрғын мен оның заңсыз әрекетіне қолдау берген үш досы қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, жеті жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды