USD
USD
USD

Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты «Зорлау» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тұраров
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әуезов аудандық полиция басқармасы боксшыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеді.

«Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, қорытындысы бойынша зорлау фактісі расталмады. 2024 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 2-тармағының 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданды», - деп хабарлады полиция.

Бұл шешіммен Әуезов ауданының прокуратурасы да келіскен.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам