USD
USD
USD

Киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енді

Таяуда Өзбекстан президенті кәсіпкерлермен диалог өткізген Нүкіс қаласындағы «Оқ куш» кешеніндегі киіз үй әлемдегі ең үлкен киіз үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Құрылымның диаметрі 40,5 метрді құрайды, деп хабарлады sn.kz.

үй
Фото: Өзбекстан Республикасы Туризм комитеті

Алматы, NEGE. Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласындағы «Оқ куш» кешенінде салынған киіз үй қозғалмайтын киіз үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

22 тамызда Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінің сертификат табыстау рәсімі өтті. Оған Қарақалпақстан Жоқарғы Кеңесінің төрағасы Аманбай Орынбаев, Қарақалпақстан Президентінің Арал өңірін тұрақты дамыту жөніндегі кеңесшісі Тұрсынхан Худайбергенов және басқалар қатысты. Биіктігі 22 метрлік құрылысты «Orol Agro» компаниясы тұрғызған.

20 тамызда осы киіз үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен кәсіпкерлердің жыл сайынғы диалогы өтті. Мұнда түрлі мәдени шаралар мен форумдар өткізу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер