USD
USD
USD

Қыз алып қашу заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады – Артур Ластаев

2025 жылдың күзінде Қазақстанда қыз алып қашу әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заң күшіне енді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев заңдағы норманы түсіндіріп өтті.

Қыз алып қашу
Фото: фильмнен кадр

Астана, NEGE. Уәкіл бұл мәселенің 2023 жылдан бері көтеріліп келе жатқанын, сондай-ақ сараптамалық және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіліп келгенін атап өтті.

«Ең алдымен, айқын жайтты атап өткен жөн: адам ұрлаудың кез келген түрі заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады. Бұл құқыққа қайшы әрекет мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, отбасылық немесе кез келген өзге де өмірлік мән-жайларға сілтеме жасау арқылы ешқандай ерекшелік ретінде танылмайды және ақтауға жатпайды», – дейді ол.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес адам ұрлау қылмысы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жазаға әкеп соғады. Артур Ластаевтың түсіндіруінше, бұл қылмыстың қазақ халқының дәстүрлеріне де, әдет-ғұрып құқығына да ешқандай қатысы жоқ.

Сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі уәкіл «неке» ұғымы Қазақстан Республикасының Конституциясында «мемлекет белгілеген тәртіппен тіркелген ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы» ретінде бекітілгенін, бұл норманың өзге түрде түсіндірілуіне жол берілмейтінін айтып өтті.

«Егер екі кәмелетке толған азамат отбасы құру туралы шешім қабылдап, ата-анасының үйінен бөлек шықса, заң оларға уәкілетті органда қатынастарын тіркеу арқылы бірлескен өмір сүру құқығын іске асырудың заңды жолын ұсынады», – дейді Артур Ластаев.

Уәкіл Қазақстан азаматтарына Конституция мен өзге де заңдардың талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген

шәкіртақы

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Коллаж

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев