USD
USD
USD

«Қытайға өткізген»: ШҚО-да кәсіпкер пайдалы қазбаны заңсыз өндірген

Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлады.

Қаржылық монитринг агенттігі
Фото: Қаржылық монитринг агенттігі

Астана, NEGE. Агенттік мәліметінше, «Глинковское» кен орнында ЖШС басшысы пайдалы қатты қазбаларды заңсыз өндіру мен өткізуді ұйымдастырған.

Компанияның лицензиясы тек геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ғана құқық берген. Алайда пайдалы қазбаларды өнеркәсіптік көлемде өндіруге рұқсаты болмаған.

Соған қарамастан, темір құрамды тау жынысын өндіру, оны қайта өңдеу, жинақтау және ішкі нарықта, сондай-ақ Қытай Халық Республикасына өткізу жұмыстары жүргізілген. Ауыр арнайы техниканы қолдану қоршаған ортаға теріс әсер етіп, жер бедерінің табиғи қалпының бұзылуына және жердің тозуына әкеп соққан.

«Заңсыз өндірілген өнімнің жалпы көлемі 70 мың тоннадан, ал алынған қылмыстық табыс сомасы 1 млрд теңгеден асқан. Бұл қаражатқа күдіктілер жылжымалы және жылжымайтын мүлік – бизнес-орталық, Алматы қаласындағы пәтер, LAND ROVER RANGE ROVER маркалы автокөлік, 2 автотұрақ орны және 2 жер телім сатып алған», – делінген ҚМА хабарламасында.

 Сот санкциясымен бұл мүліктерге тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram