USD
USD
USD

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

Атыраудағы полипропилен өндіретін KPI зауыты іске қосылғанымен, әзірге шығынға жұмыс істеп, тек несие есебінен күн көріп отыр. Зауыттың 59 пайызы Қазмұнайгаз (49,5%) бен Samruk-Kazyna Ondeu (9,5%) арқылы Қазақстан мемлекетіне тиесілі. Қалған 49,5 пайызы ресейлік Сибурдың еншісінде. Ал қалған 1 пайыз үлес «Фирма Алмэкс Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы Тимур мен Динара Құлыбаевтардың меншігіне тиесілі.

.
Фото: NEGE

Қазақстанның алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің операторы ретінде белгілі «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС 2025 жылы өндіріс пен түсімді айтарлықтай арттырған. Бірақ ол жеткіліксіз болып шықты.

Зауыт 2025 жылды 71,5 млрд теңге таза шығынмен аяқтады. Оның меншікті капиталының тапшылығы 316 млрд теңгеге жуықтады, ал қарыздар бойынша жалпы берешегі 1,2 трлн теңгеден асты. Операциялық қызметі өзін-өзі ақтамайды. Ол блоктан ақша қаражатының таза жылыстауы 39 млрд теңгеден төмендемей отыр.

KPI
Фото: "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС 2025 жылғы аудиттелген есебі. Аудитор: Grant Thornton

2025 жылы KPI 365 мың тонна дайын өнім сатты. 2024 жылы бұл көрсеткіш 166 мың тонна болған. Яғни өнімді сатудың нақты көлемі шамамен 2,2 есе өсті. Осылайша компанияның выручкасы бұдан да жоғары қарқынмен – 26,2 млрд теңгеден 145,3 млрд теңгеге дейін, шамамен 5,5 еседей артты.

Алайда былтыр сатылған өнімнің ортақ өзіндік құны 160,3 млрд теңгеге жетті. Соның салдарынан компания негізгі қызметі бойынша 14,9 млрд теңге жалпы шығынға ұшырады. Бұл ретте, орташа есеппен сатылған бір тонна өнімнен 398 мың теңге түссе, сол тонна өнімді шығарудың өзіндік құны 439 мың теңгені құраған. Сонда әр тонна дайын өнімнен орта есеппен 41 мың теңге шығын келіп жатыр.

KPI
Фото: NEGE

Оған қоса, зауыт алапат сомада қарыз алғандықтан, оны жыл сайын өтеу шығындары келіп түскен түсімнің жартысын жұтып қоюда. Былтыр KPI-дың операциялық шығыны 27,6 млрд теңге болса, кредит төлеуге жұмсалған қаржылық шығыны 79 млрд теңгеге жетті.

Қаржылық шығындардың негізгі бөлігі Қытайдың Мемлекеттік даму банкінен алынған қарыздың жылдық төлеміне кеткен. Зауыт Қытайдың Мемлекеттік даму банкіне 56,9 млрд теңге, Сибурға 9,5 млрд теңге, Еуразиялық даму банкіне 6,5 млрд теңге, Қазмұнайгазға 4,2 млрд теңге қайтарған.

KPI
Фото: kpi.kz

Жылдың басындағы жағдай бойынша, полипропилен зауытының ортақ берешегі 1,2 трлн теңгені құрады. Оның 958 млрд теңгесі – Қытайдың Мемлекеттік даму банкінікі.

Бұл үлкен несиенің кепілі ретінде зауыттың барлық негізгі құралдары қойылған. Онымен бірге «Самұрық-Қазына» қытайлық банкке KPI міндеттемелерінің толық орындалатынына кепілдік берген.

Яғни, зауыт Қытай тарапына қарызын қайтара алмаса, Қазақстан мемлекеті жауап береді.

Егер зауыт Қытай банкі алдындағы қарызын осылай жыл сайын 57 млрд теңгеден төлеп отырса, онда бұл қарыздан 16 жыл бойы құтыла алмайды. Сондықтан биылдан бастап полипропиленді өзіндік құнынан төмен сатпау аса маңызды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық

Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Садақ ату

Алматыда зейнеткерді алаяқтардан құтқарған курьер марапатталды

Курьер красавчик

ФСБ Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады

Павел Дуров