USD
USD
USD

Қытайдағы жер сілкінісінен жүзден астам адам қаза тапты

Сицзан автономиялық ауданындағы (Қытайдың оңтүстік-батысында) Шигацзе қаласында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып жатыр, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Қытай
Фото: xinhua news

Алматы, NEGE. Сейсенбі күні Сицзан автономиялық ауданы (САР, Қытайдың оңтүстік-батысы) Шигацзе қаласындағы Динжи (Тингри) уезінде болған 6,8 балдық жер сілкінісінен сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 126 адам қаза тауып, 188 адам жарақат алды. Жер сілкінісінен кейін Джомолунгма тауының туристік аймағы уақытша жабылды.

Бұған дейін Қытайдың Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік.

Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 28,50 градусы мен шығыс бойлықтың 87,45 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 10 км тереңдікте.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ

Amanat Drive қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға сотталды

Көңілбай Шүкен

ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 10 млн теңгені өз есепшотына аударған

Ақша

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау