USD
USD
USD

Қытайдағы қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқан ширек финалға шықты

Кіші әлем чемпионаты саналатын Болгариядағы Странджа кубогына қатысып жатқан қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан ширек финалға шықты.

Странджа кубогы
Фото: Синхуа агенттігі

Алматы, NEGE. Ол аталған турнирдің 1/8 финалында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Грекия боксшысы Михаил Цамалидиспен жұдырықтасып, оны 4:0 есебімен жарыс жолынан тайдырды. Осылайша қытайда тұратын қандасымыз турнирдің ширек финалына шықты.

Естеріңізге сала кетсек, Тоқтарбек Таңатқан 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сонымен қатар өткен жылы Қытайда өткен Азия ойындарында чемпион атанып қана қоймай, Париж Олимпиадасынң жолдамасын да жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, аталған турнирде Қазақстан құрамасы он салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors