Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытайда «Випха» тайфунына байланысты сары деңгейлі дабыл күшейтілді

Қытайдың оңтүстігіне жақындап келе жатқан «Випха» тайфунына байланысты сары деңгейлі дауыл ескертуі ұзартылды. Бұл туралы Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Тайфун
Фото: Синьхуа

АЛМАТЫ, NEGE. Ауа райы мамандарының болжамынша, биылғы жылы тіркелген алтыншы тайфун – елдің оңтүстік жағалауына қатты жел мен нөсер жауын әкелмек.

Сенбі күні таңғы сағат 05:00-де табиғи құбылыстың эпицентрі 19,9° солтүстік ендік пен 120,2° шығыс бойлықта тіркелген. Тайфун сағатына 15–20 шақырым жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай жылжып келеді.

Метеорологтар «Випха» жексенбі күні түстен кейін немесе кешке қарай Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь мен Хайнань провинциясындағы Вэньчан қалалары арасындағы жағалауға соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетейік, Қытайда дауыл қаупіне қатысты төрт деңгейлі ескерту жүйесі бар. Онда ең жоғары қауіп – қызыл түспен, одан кейін – қызғылт сары, сары және көк түстермен белгіленеді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық