2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қытайда тау тасқынынан 10 адам қаза тауып, 33 адам із-түзсіз жоғалды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында тау тасқыны салдарынан 10 адам қаза тауып, 33 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады Синьхуа.

М
Фото: Синхуа

Алматы, NEGE. Ганьсу провинциясының Юйчжун уезінде жауын-шашын салдарынан болған тау тасқыны ауыр зардаптарға әкелді. Жергілікті биліктің мәліметінше, жұма күні сағат 15:30–дағы жағдай бойынша 10 адам қаза тауып, 33 адам іздестіріліп жатыр.

Бейсенбі кешке нөсер жауын Ланьчжоу қаласына қарасты Юйчжун және өзге де аудандарға жауған. Жұма күні түске дейін жауын-шашын мөлшері 220,2 мм-ге дейін жеткен. Юйчжун уезіндегі бірнеше ауыл қатты зардап шеккен.

Жұма күні сағат 14:00 шамасында Чэнгуань кентіндегі Синлун бастауыш мектебінің жанында сел суы тамырынан жұлынып кеткен ағаштармен араласып, жолдарды бөгеп тастағаны хабарланды.

Кейбір жерлерде балшықтың тереңдігі 30 см-ден асқан. Жол жиегінде көптеген көлік бүлінген, ал кейбір үйлердің бірінші қабатындағы жиһаз тасқын сумен толықтай ағып кеткен.

Аймаққа 2 700-ден астам құтқарушы, 980 техника және 8 530 дана алғашқы көмек заттары жіберілген. Қазір оқиға орнында құтқару, инфрақұрылымды қалпына келтіру, эвакуация және тұрғындарды орналастыру жұмыстары жүріп жатыр.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ганьсу провинциясында болған тау тасқынына байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын барынша жеделдетуді, сондай-ақ су тасқындарының алдын алып, табиғи апаттардың салдарын жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Си Цзиньпин соңғы уақытта жиілеп кеткен қолайсыз ауа райына байланысты барлық өңірлер мен тиісті органдарды тәуекелдерді болжау мен ерте ескерту жүйесін күшейтуге, жасырын қауіптерді анықтап, уақтылы жоюға, кезекшілік пен төтенше жағдайларға жедел ден қою тәртібін күшейтуге, су тасқынына қарсы іс-шараларды нақты әрі үйлесімді жүргізуге шақырды. Ол тасқын су маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Бұған дейін Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында орналасқан Гуанчжоу қаласының Байюнь ауданында сәрсенбі күні нөсер жаңбыр салдарынан көшкін жүріп, 14 адам үйінді астында қалғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті