USD
USD
USD

Қытайда тасқыннан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Қытайдың Хулудао шаһарында су тасқынынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті, деп хабарлады 24kz.

су тасқыны
Фото: REUTERS

 Алматы, NEGE. 14 адам табылмай жатыр. Елдің солтүстік-шығыс бөлігінде толассыз жауған жаңбырдан 28 елді мекенді су басты. 190 мыңға жуық адам зардап шекті.

 Жұрт тұрғын үйлерін тастап вокзалдар мен мектеп, балабақшаларды паналауға мәжбүр. Электр энергия мен байланыс үзілген. Кей жерлерде сел жүріп, жолдарды шайып, теміржолдар зақымданған. 187 көпір бүлініп, мыңдаған тұрғын қызыл су құрсауында қалды. Оларға азық-түлік, алғашқы жәрдем көрсетуге арналған заттар тікұшақпен жеткізілуде. Табиғи апаттан келген шығын көлемі орасан.

Чжоу Чжаньцзе, Хулудао қаласының су тасқыны мен қуаңшылықты жою жөніндегі бюро жетекшісі:

 - Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару үшін құтқару техникалары жете алмай жатыр. 9 ұлттық және аймақтық, 210 ауыларалық маңызы бар жолдарды су шайып кетті. Қатынас тоқтап қалды. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 1 миллиард 44 миллион АҚШ доллардан асады. Қазір бірінші кезекте жарық пен байланысты қалпына келтіруге күш салынып жатыр.


Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум