USD
USD
USD

Қытайда қалың қар жауып, таулы аймақтарда көшкін жүрді

Апат салдарынан Іле-Қазақ автономдық округінде күре жолды қар басып қалды, деп хабарлады24.kz.

Қар
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Көлік қозғалысы тоқтап 10 шақты турист құтқарылды. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Ақтүтек боран салдарынан теміржол қозғалысы шектелді. 54 бағыт бойынша жолаушылар пойызы тоқтатылды.

Елдің солтүстігінде де жағдай мәз емес. Ішкі Моңғолияда қытайдың ең ірі спорттық іс-шарасы саналатын Ұлттық қысқы ойындары өтіп жатыр. Оған 3700-ден астам спортшы келген. Ауа райының қолайсыздығы жарысқа қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін. Қазір синоптиктер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен.

- Қысқы ойындар өтіп жатқан аймақта алты бірдей сырғанау жолағы бар. Ауа райы кез келген уақытта құбылуы мүмкін. Сондықтан біз алдын ала болжам жасап бақылауда ұстап отырамыз. Қажет болған жағдайда жарыс кестесі өзгертіледі. Ең бастысы адам өмірі. Қауіптің алдын алу үшін күш саламыз, – деді метеорологиялық болжамдар қызметінің жетекшісі Ван Ин.


Қазір оқып жатыр

Депутаттың компаниясы Шымкентте Hilton салуға ҚДБ-дан көмек сұрады

.

Иран футболшысы ФИФА мен 2026 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушыларға шағымданды

Иран футболшылары

Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

өрт

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.