USD
USD
USD

Қытайда COVID-19 вирусы өршуі ықтимал

Бұл туралы брифинг барысында ҚХР Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі мемлекеттік басқарма өкілі Лэй Чжэнлун мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Ковид-19
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, алдағы Көктем мерекесі (Чуньцзе, Ай күнтізбесі бойыша жаңа жылы) кезінде адамдардың көп жүруін ескере отырып, коронавирусқа шалдыққандар саны артуы мүмкін деп болжануда.

Оның айтуынша, 2023 жылдың қысы басталғалы Қытайда бір мезгілде бірнеше патоген және жедел респираторлық аурулар жиілігінің алма-кезек айналымы байқалды.

Қазіргі уақытта елде тұмау эпидемиясы өршіп тұр, ал COVID-19 вирусына шалдығу көрсеткіші төмен. Бұл ретте коронавирустың XBB штамы басым болып отыр. Дегенмен, елде JN.1 штамын жұқтыру жағдайларының көбеюі байқалады.

Лэй Чжэнлуннің атап өтуінше, елдің денсаулық сақтау органдары шекара бекеттерінде бақылауды күшейтіп, халықтың осал топтарын COVID-19-ға қарсы вакцина егеді.

ҚХР Көлік министрлігінің мәліметінше, «чуньюнь кезеңінде (қытай халқының көктемгі мерекеге дейінгі, соның кезінде және одан кейінгі маусымдық көші-қон уақыты) Қытайда 9 млрд сапар жасалады.

2024 жылы «чуньюнь» кезеңі 26 қаңтарда басталып, 5 наурызда аяқталады.

Қытайдың дәстүрлі Жаңа жылы 10 ақпанда басталады. Ал Көктем мерекесі 10 ақпаннан 17 ақпанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан Футболдан әлем чемпионатына орай коллекциялық монеталар шығарады

Өзбекстан

Астананың Триатлон саябағында көгалды өртеді деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды

Триатлон саябағы

Қазанда Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Тоқаев, Жақыпов

Білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

грант