USD
USD
USD

Қытайда білім алғысы келетін қазақ жастары үшін үкіметтік грант саны артуы мүмкін

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Білім
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Қазақстанда екінші Лу Бань шеберханасы ашылады. 

«Біз ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтып келеміз. Қазіргі таңда Қытайдың жоғары оқу орындарында 4 мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатыр. Қазақстан техникалық мамандар даярлау мәселесіне баса мән береді. Оған қытайдағы әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Аталған саладағы ынтымақтастықты одан ары дамытуға келістік. Қытай Төрағасының сапары аясында екі тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар. Біріншісі – Астана халықаралық университетінің жанынан Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды. Сондай-ақ құрметті Си Цзиньпин мырзамен Қазақстанда екінші Лу Бань шеберханасын ашуға келістік. Бұл тиімді әрі маңызды жоба елімізде жоғары кәсіби мамандар даярлауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін қазақ жастарының саны артты.

«Бұл тұрғыда үкіметтік грант санын көбейту, Қазақстан аумағында қытайдың озық техникалық университеттерінің филиалдарын ашу мәселесіне арнайы тоқталдық», - деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Бала

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Burj Al Arab

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жол ережесін бұзу