USD
USD
USD

Қытайда робот жоғарғы оқу орнында білім алатын болды

Қытайда алғаш рет гуманоид робот докторантураға қабылданды. Ол «драма және кино» мамандығы бойынша оқитын болады, деп жазды South China Morning Post басылымы. 

Робот
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Xueba 01 атты робот Қытайдағы жетекші өнер оқу орындарының бірі — Шанхай театр академиясына (STA) қабылданды. Ол докторантура бағдарламасы аясында дәстүрлі қытай операсын тереңдетіп зерттейді. Сабақтар 14 қыркүйекте басталады. Оқыту құны жарияланған жоқ.

Бұл робототехника саласындағы докторантура бағдарламасы — өнер мен технологияны біріктіруге бағытталған ғылыми жобаның бір бөлігі.

Роботтың сипаттамасы:

Биіктігі: 1,75 метр

Салмағы: шамамен 30 келі

Сыртқы келбеті: силикон терісі бар сымбатты ер адамға ұқсайды.

Киімі: көзілдірік, көйлек және шалбар

Тілі: адамдармен қытай тілінде сөйлеседі.

Робот докторанттармен бірге опералық қойылымдарды дайындықта жасап, сабақтарға қатысып отырады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.