USD
USD
USD

Қытайда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Бұл туралы Синьхуа агенттігі Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

жер сілкінісі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бейжің уақытымен сенбі күні сағат 08:46-да Сизан автономиялық ауданындағы (Оңтүстік-Батыс Қытай) Нагчу қаласында - Ньима округінде магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі болды.   хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 34,14 градусы мен шығыс бойлықтың 86,36 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 8 км тереңдікте жатқан.

Жер сілкінісінің ошағы Ньима округінен 275 шақырым және Лхаса автономиялық аймағының әкімшілік орталығынан 672 шақырым жерде - елсіз аймақта орналасқандықтан, Ньима округінің орталығында айтарлықтай жер асты дүмпулері сезілмеді.

Аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жер сілкінісі болған аймаққа далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қызметкерлер жіберілді.

Әзірге зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен