USD
USD
USD

Қытай вирусологтары жарқанаттан COVID-19-ға ұқсас жаңа вирус тапты

Вирус алғаш рет Гонконгта жапон жарқанатынан шықты.

Жарқанат
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ғалымдардың айтуынша, вирус тез жұғалы және адамға тікелей немесе аралық тасымалдаушылар арқылы берілуі мүмкін. HKU5-CoV-2 деп аталатын вирус адам жасушаларын ACE2 ақуыздары арқылы зақымдайды. Бұл вирус HKU5 коронавирусының жаңа тегі.

Зерттеу жұмыстарына Ухань вирусология институтының мамандары қатысқан. Бұл институт пандемияның алғашқы кезеңінде коронавирустың зертханадан таралуына қатысты айыптауларға ұшыраған еді. Жобаны бұрын SARS-CoV-2-нің шығу тегін зерттеген атақты қытайлық вирусолог Ши Чжэнгли басқарды.

Зерттеу нәтижелері South China Morning Post басылымында жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті