USD
USD
USD

Қытай, Түркия, Ресей: Қай елдің азаматтары Қазақстан заңнамасын жиі бұзады?

Көші-қон заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін 1,8 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды.

көші-қон заңнамасы
Фото: Polisia.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Көші-қон заңнамасын бұзушылардың басым бөлігі – Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Украина азаматтары. Ал алыс шетелдерден Түркия, Қытай Халық Республикасы, Үндістан және Ауғанстан азаматтары әкімшілік жауапқа тартылды», – делінген министрліктің редакция сауалына берген жауабында.

Еске салсақ, бұған дейін Қытай азаматына ұқсас шетелдіктің Астананың қақ ортасында дәрет сындырып тұрған видеосы тарады. Кейін 35 және 49 жастағы екі шетел азаматы құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Алайда полицейлер ұстағанға дейін олар ел аумағынан шығып үлгерген. Оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Тоқаев

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Сталкинг

Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды

Тоқаев

Қиын жылдар артта қалды. «ҚазТрансОйл» НЕГЕ мәз?

ҚТО