USD
USD
USD

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыт ашылады

29 мамырда Сиань қаласынан «Сиань – Алматы» бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шығады.

Қытай мен Қазақстан туризм
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл бастама «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында ұйымдастырылып отыр. Пойыз Алматыға 31 мамырда жетеді деп жоспарланған. Қонақтар еліміздің оңтүстік астанасында 5 күн болады. Делегация құрамында 250-ден астам адам бар: мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина және спорт саласының өкілдері мен туристер.

Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді.

Қонақтар үшін арнайы мәдени және іскерлік бағдарлама дайындалған:

– ресми қарсы алу рәсімі;

– «Шэньси – Алматы» апталығының ашылуы;

– жәрмеңкелер, симпозиумдар мен іскерлік кездесулер;

– Алматының көрікті жерлеріне экскурсиялар.

Туристік пойыздың кері бағыттағы сапары 5 маусымға жоспарланған.

Бұл жоба Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформалар комитетінің бастамасымен, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы, Сыртқы істер министрлігі, Көлік министрлігі, Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының Туризм басқармасы және отандық туроператорлардың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары