USD
USD
USD

Қытай банкінің бұрынғы төрағасы өлім жазасына кесілді

Сейсенбі күні Қытай банкінің бұрынғы төрағасы Лю Ляньгэ пара алғаны және заңсыз несие бергені үшін үкімді орындау мерзімі екі жылға шеттетілген өлім жазасына кесілді. 

Қытай
Фото: Xinhua

Алматы, NEGE. Ақпаратқа сәйкес, Шаньдун провинциясының Цзинань қаласының халық соты Лю Ляньгэні шамамен 16,8 млн доллар көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп тапты.

Сот анықтағандай, Лю Ляньгэ 2010-2023 жылдар аралығында Қытай Экспорттық-импорттық банкі мен Қытай банкінде басшылық қызметтерді қоса алғанда, әртүрлі лауазымдарды атқара отырып, үшінші тұлғалардың мүддесі үшін өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, оларға несиелік қаржыландыру, жобалар бойынша ынтымақтасу және кадрлық тағайындау сияқты мәселелерде көмек көрсетіп, оның орнына пара алып отырған.

Сонымен қатар, сотталушы заң нормаларын бұза отырып, қажетті талаптарға сай келмейтін компанияларға жалпы сомасы 3,32 млрд юаньнан астам несие беруге көмектескені, салдарынан негізгі қарыз сомасы 190,7 млн юаньнан асқаны анықталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала