USD
USD
USD

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

«Китана» бүркеншік атымен танылған Қымбат Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағының қатарына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды. Бұған дейін арнайы жасақ құрамында әйел қауымы болмаған.

Китана – Қымбат
Фото: Ұлттық ұлан/Instagram

Астана, NEGE. Қымбат Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында мергендігімен көзге түсіп, «Бүркітке» шақырту алған. Ол бұл додада Қазақстан атынан өнер көрсеткен «Томирис» қыздар командасының құрамында бақ сынады. Әйелдер арасындағы санатта қазақстандық команда қарсыластарынан озып, бірінші орынды иеленді. Ал жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтап, бірқатар ерлер құрамаларынан жоғары нәтиже көрсетті.

Қымбат – қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбо мен ММА-дан спорт шебері. 

Жауынгер қыз қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның алты дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс және екі қола жүлдегері, әлем кубогы, Еуропа және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері атанған. Бұған қоса джиу-джитсудан үш дүркін әлем, Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы атанған. ММА бойынша Қазақстан және Азия чемпионы, жауынгерлік самбодан ел чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Қымбаттың ендігі мақсаты – күрең берет сынағынан сүрінбей өту. Бұл сынаққа жауынгердің дайындығын, төзімділігі мен рухының беріктігі сыналады. Бұл сынақтан өтсе, «Китана» Ұлттық ұлан тарихында күрең беретке қол жеткізген алғашқы жауынгер қыз атанбақ.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп