USD
USD
USD

Қытайлықтар жаппай вакцина салдырып жатыр

Қытайда бір миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды, – деп хабарлайды «Хабар24».

Қытайлықтар жаппай вакцина салдырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дереккөз мәліметінше, оларға шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілген СNBG компаниясының вакцинасы салынды.

Жалпы ғалымдар екі вакцина жасап шығарған. Олардың клиникалық сынағының үшінші кезеңі әлі аяқталған жоқ. Тәжірибе Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Аргентина және Перуде жүргізіліп жатыр. Шараға 50 мыңнан аса адам қатысып жатыр екен. Компанияның мәлімдеуінше, алдын ала нәтижелер вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.

«Мен індетпен күресте екпеге көп үміт артамын. АҚШ пен Германияда екі вакцинаның тиімділігі 90 пайыздан асқаны хабарланды. Ал Қытай препараттарына келетін болсақ, олар шетелде клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Мен бақылау комиссиясын басқарамын. Бізде сынаққа қатысушыларға қажетті зерттеулер жүргізіліп жатыр. Тәжірибелерге қатысты қорытындалар жуық арада шығады деп сенемін», – дейді профессор Ван Гуйцян.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy