Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытайлықтар ашық ғарышқа шықты

Не Хайшэн мен Лю Бомин жұма күні таңертең «Тяньхэ» негізгі модулінен ашық ғарышқа шықты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытайлықтар ашық ғарышқа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл қытайлық ғарыш стансасы экипажы мүшелерінің кемеден тыс жұмыстарды орындау аясында екінші рет модульден шығуы, деп хабарлады Қытай ғарышкерлер бағдарламасының кеңсесі. «Тяньхэ» негізгі модулінің түйіндік бөлігінің есігін Не Хайшэн 08:38-де ашты.

«Фэйтянь» (Ғарышқа ұшу) скафандрын киген ғарышкерлер механикалық иінтіректе аяқ бекіткіштерді және кемеден тыс жұмыс алаңын орнатты. Ведомстводан нақтылағандай, әрі қарай олар механикалық қолдың көмегімен тағы бір кемеден тыс құрылғы орнату бойынша жұмысты жалғастырмақ.

Экипаждың үшінші мүшесі Тан Хунбо әріптестеріне көмек көмектесіп отыру үшін «Тяньхэ» модулінде қалды. Бортында үш ғарышкері бар «Шэньчжоу-12» кемесі «Тяньхэ» модулімен 17 маусым күні түйісті.

Бұдан ертерек, 4 маусым күні Лю Бомин мен Тан Хунбо қытай ғарыш стансасын құру аясындағы кемеден тыс жұмыстың бірінші бөлігін сәтті аяқтаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш