USD
USD
USD

Қытайлық вакцина клиникалық сынақтан өткізіледі

Перу билігі қытайлық компанияның жасаған коронавирусқа қарсы вакцинасын клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайлық вакцина клиникалық сынақтан өткізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шараға 6 мың адам қатысады. Бұл туралы осы елдің президенті Мартин Вискарра мәлімдеді. Сынақ алдағы аптаға жоспарланған. Жалпы Перу билігі халқын коронавирусқа қарсы егу үшін 30 миллион доза вакцина алуды көздеп отыр. Осы мақсатта әлемдегі 5 зертханамен келіссөз жүргізіп жатыр. Ал, Латын Америкасының бұл мемлекетінде коронавирусты жұқтырғандардың саны 550 мыңнан асады. Дерттен 27 мыңға жуық науқас қайтыс болған.

Перу президенті Мартин Вискарра: "Қытай компаниясының клиникалық сынағы келесі аптада басталады. Бұл келісіліп қойылған мәселе. Ал осы айдың соңына таман AstraZeneca бірлестігі зертханасында дайындалған вакцинаны сынақтан өткізу қолға алынады", - деді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға