Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытайлық теннисші әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жоғалып кеткен

"Үлкен дулыға" турнирінің екі мәрте жеңімпазы, қытайлық теннисші Пэн Шуай әлеуметтік желіде бұрынғы вице-премьер тарапынан көрсетілген қысым жайлы жазбасынан кейін жоғалып кетті. Спортшы бір жарым апта бойы ешкіммен байланысқа шықпаған.

Қытайлық теннисші әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жоғалып кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Хабарлама қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде жарияланған, бірақ 20 минуттан кейін өшірілген.

Теннисшінің әлеуметтік желідегі хабарламасынан кейін Weibo-да "теннис" сөзіне тыйым салыныпты. Ал бейсенбі күні желі және Baidu іздеу жүйесі арқылы Пэн Шуай мен Чжан Гаоли есімдерін іздеу мүмкін болмаған. 

Әлемге белгілі теннисшілер Пэн Шуайды қолдау мақсатында хэштег те жариялаған. Ал Ализа Корне Twitter желісінде “Үнсіз қалмайық. Пэн Шуай қайда?” деп жазды

Теннис ассоциациясы бұл жағдайдан кейін мәлімдеме жасап, теңдікті қолдайтынын және цензураға қарсы екеннін хабарлады.

"Шуай Пэйге қатысты Қытайда болған оқиға барлығымызды алаңдатып отыр. Әйелдермен жұмыс істейтін ұйым болғандықтан, біз теңдікті қолдаймыз. 

Шуай Пэй әйел ретінде цензураға тап болмай, ойын еркін айтуға құқылы. Ол жариялаған жазбада Қытайдың бұрынғы вице-премьері тарапынан көрген сексуалды қысым жайлы жазылған. Кез келген қоғамда мұндай оқиға тергелуі тиіс. Біз Шуай Пэйдің батылдығына тәнтіміз", - делінген WTA президенті Стив Саймонның ресми сайттағы хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі