USD
USD
USD

Қытайлық сарапшылар коронавирустың жаңа түріне байланысты дүрбелең тудырмауға шақырды

Қытайлық сарапшылар B.1.1.529 деп танылған COVID-19-дың жаңа штаммының табылуына байланысты дүрбелең тудырмауға шақырды. Себебі, мутация саны инфекция жоғары болғанда ғана көбеймейді.

Қытайлық сарапшылар коронавирустың жаңа түріне байланысты дүрбелең тудырмауға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Гонконг университетінің профессоры Цзинь Дунъяньның айтуынша, қоғам коронавирустың жаңа штамына қырағы болуы керек, бірақ дүрбелең тудырмау керек.

«Оның жаһандық қаупі туралы және вакцинаның оған ықпалы туралы деректер немесе дәлелдер жоқ», - деп келтіреді «Хуанцю Шибао» сарапшының сөзін.

Қытайлық иммунолог Чжуан Шилихэ коронавирустың әлемдегі ең күшті және үстем түрі «дельта штаммы» деп санайды. Ол бұған дейін табылған барлық штаммдарды (Гамма, Бета және Альфа) ығыстырып жіберген. Осыған байланысты, оның пікірінше, «жаңа штаммның «дельтаға» қарағанда күшті болуы қиынырақ».

Бейсенбі күні Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік ауданында коронавирустың жаңа штаммын екі адамның жұқтырғаны анықталды. Сенбіден бастап Сянган САР әкімшілігі Ботсвана, Эсватини, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия және Зимбабведен келген Гонконг тұрғындарына қатысты карантиндік шараларды күшейтуде.

Соңғы үш апта ішінде жоғарыда аталған елдерде, соның ішінде ОАР-да болған азаматтардың кіруіне тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі