USD
USD
USD

Қытайлық компания Абай облысында жаңа зауыт салуға ұсыныс білдірді

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір әкімінің орынбасары Димитрий Гариков және әкімдіктің құрылымдық басқарма басшылары қытайлық Geely компаниясының өкілдерімен кездескен.

Қытайлық компания Абай облысында жаңа зауыт салуға ұсыныс білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында шетелдік компания электр қозғалтқышты, коммерциялық және мамандандырылған техникаларды таныстырды. Қытай тарапы электронды форматта автомобильдер желісінің тұсаукесерін ұсынып, екіжақты өзара іс-қимыл ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Сонымен қатар Geely компаниясының өкілдері Семей қаласының аумағында электромобиль құрастыратын зауыт салу мәселесін көтерді. Бұл бағытта келіссөздер ары қарай жалғасады. Бұдан бөлек, компания әртүрлі кластағы автобустар, таксилер мен электр қуаттандыру стансаларының жабдықтарын өндіруді ұсынып отыр», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты