USD
USD
USD

Қытайлар енді изоляторлық аурухана сала бастады. Неге?

Биылғы жыл басынан бері Covid-19-дың күрт артуы тіркелген Қытайдың Хэбэй провинциясында изолятордың құрылысы басталды.

Қытайлар енді изоляторлық аурухана сала бастады. Неге?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы аптада басталған құрылыс Шицзячжуан қаласының маңында жүргізілуде. Бұл қалада коронавирустың таралуы күрт өскендіктен локдаун енгізілді.

Оқшаулау ауруханасы 33 гектар аумақты алмақ.

Жоба мердігерінің айтуынша, 3 мыңға жуық палата дайындау тапсырылған.

Әр палатаның ауданы – 18 шаршы метр.

Еске салсақ, «Хошэньшань» мамандандырылған алғашқы ауруханасы Қытайда коронавирустың таралу ошағына айналған Уханьда (Хубэй провинциясы) 10 күнде салынған болатын.

Жалпы аумағы 25 мың шаршы метрді құрайтын аурухана бір мезетте 1 мыңға жуық науқасты қабылдай алды.

Шицзячжуандағы аурулардың алдын алу және бақылау штабының (Хэбэй провинциясы) нұсқамасына сәйкес, Шицзячжуан мен оның төңірегінде тұратын жергілікті тұрғындарға 19 қаңтарға дейін үйден шықпау мәндеттелді.

Қытайда өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясының 115 расталған жергілікті жағдайы тіркелді, олардың 90-ы Хэбэй провинциясында, 23-і Хэйлунцзян провинциясында, 2-еуі Бейжіңде.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай