USD
USD
USD

Қытайға газ экспорты тоқтатылды

Зайсан ауданында табиғи газ қоры азаюда. Кен орны таусылып, қалған газ Қытайға экспортталады деп жатыр. Бұл шын ба? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке журналистер осындай сұрақ қойды.

Қытайға газ экспорты тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Мен экспортқа қарсымын. 75 млн текше метр газ Қытайға жіберілмейді. Қазіргі кезде экспорт тоқтатылды. Бүгінде қорда 328 млн текше метр газ қалды, оны халыққа ғана береміз деп отырмыз. Сол себептен «Тарбағатай Мұнай» компаниясымен келісімге келдік. Бірде-бір текше метр ешқайда кетпеуі керек. Халық сұраған 328 млн газ әлеуметтік салаға беріледі. Ол шамамен 11 жылға жетеді. Сондай-ақ, кәсіпорын барлау жұмысын кеңейтеді, жалғастырады, қосымша газ болса, онда халықпен ақылдасып, шешім қабылдаймыз. Жағдай жаман емес. Ол жерден мұнай шықты, мұнай болса, газ да бар. Бәрін уақыт көрсетеді», - деді өңір басшысы өз жауабында.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу