USD
USD
USD

Қытайдың Шанхай қаласы локдаунға жабылды

Шанхайда коронавирус салдарынан бұрын соңды болмаған локдаун шаралары енгізілді.

Қытайдың Шанхай қаласы локдаунға жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мегаполисте коронавирустың өршуі бойынша 2 жылдағы ең үлкен локдаун жарияланды.

25 миллион тұрғыны бар қалада коронавирустың 50 жергілікті және 10 тасымалды жұқпалы жағдайы, сондай-ақ 3 454 асимптоматикалық белгілері анықталған.

Жергілікті биліктің айтуынша, карантин жаппай тестілеудің 2 раундын өткізу және аурудың одан әрі таралуын болдырмау үшін қажет. Ол 2 кезеңде өтеді. Біріншісі 28 наурыздан1 сәуірге дейін Хуанпу өзенінің шығысы мен оңтүстігінде, екіншісі 1 сәуірден 5 сәуірге дейін су қоймасының батыс аймақтарында өтеді.

Локдаун кезінде Хуанпу өзені арқылы өтетін туннельдер мен көпірлер жабылады. Сонымен қатар қоғамдық және жеке көліктер жүруді толығымен тоқтатады. 

Барлық компаниялар мен кәсіпорындар қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Эпидемияға қарсы қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер үзіліссіз жұмыс істейтін болады.

Шанхай тұрғындары үйде болуға міндеттелді. Биліктің айтуынша қажетті өнімдерге онлайн режимінде тапсырыс беруге болады.

Қалаға жақын орналасқан Пудун халықаралық әуежайы жұмысын жалғастырады. Бірақ жолаушылардан авиакомпаниялардың рейстерінің кестесін алдын-ала нақтылауды сұрайды.

Қытай коронавирусқа "нөлдік төзімділік" саясатын ұстанады. Соңғы күндері елде күніне шамамен 1,2 мың жағдай тіркелді. Билік симптомсыз фактілерді бөлек қарастырады. Олардың саны тәулігіне 5 мыңнан асады.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент