USD
USD
USD

Қытайдың мегаполисінде әскери жағдай енгізілді

Қытайдың Шицзячжуан қаласында COVID-19 жаппай таралуына байланысты жалпыкарантин және әскери жағдай енгізілді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Қытайдың мегаполисінде әскери жағдай енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мегаполис билігінің мәліметіне қарағанда, 11 миллион халық тұратын қалада тәулігіне 120 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл - елдегі соңғы бес айдағы ең жоғары көрсеткіш. Қазір қаланың кейбір ауданына кіруге тыйым салынды, балабақшалар жабылды, бастауыш және орта мектеп сабақты уақытша тоқтатты, тұрғын үй кешендері жабылды, пошта тасымалы тоқтатылды. Сондай-ақ Бейжің провинцияға медицина персоналын жіберді. Қалада барлық тұрғын анализ тапсыруы үшін 5 мың тестілеу пункті ашылды. Бұған дейін де мұндай шара вирус жаппай таралып жатқанда қабылданатын. Мемлекеттік China Daily газеті Шицзячжуан қаласының Гаочэн ауданында үш шенеунік қызметінде немқұрайлы болғаны үшін жазаланғанын жазды. Алдын ала мәліметке қарағанда, коронавирустың жаппай таралуына британиялық штамм себеп болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия