Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытайдың ең бай адамы коронавируспен күреске 14 миллионнан астам доллар бөлді

Alibaba компаниясының негізін қалаушы және бұрынғы басшысы, Қытайдың ең бай миллиардері Джек Ма мен оның қоры коронавирустың жаңа түріне қарсы екпені әзірлеуге 14,4 млн доллар бөлді.

Қытайдың ең бай адамы коронавируспен күреске 14 миллионнан астам доллар бөлді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақшаның бір бөлігі 2019-nCoV вирусына қарсы вакцина жасау үшін Қытайдың Ғылым академиясына және елдегі Инженерлік академиясына беріледі, қалған қаржы қытай және шетелдік зерттеушілерді қолдауға, сонымен бірге коронавирусты емдеу мен оның алдын алу бойынша әріптестікті дамытуға жұмсалмақ. Одан бөлек Джек Ма мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттарына жұмыс істеу үшін Alibaba-ның озық компьютерлерін беруге уәде етті.

Бұған дейін Қытайдан шыққан індетпен күресу үшін Microsoft компаниясының негізін қалаушы әрі бұрынғы басшысы Билл Гейтстің қайырымдылық қоры 10 млн АҚШ долларын бөлген еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА