USD
USD
USD

 Қытайды жайлаған белгісіз вирус анықталды

Қытайлық дәрігерлер Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында тарап жатқан пневмония ауруының белгісіз түрі коронавирустың жаңа түріне жататынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

 Қытайды жайлаған белгісіз вирус анықталды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Мамандар белгісіз дерттің қандай вирустың түріне жататынын анықтады. Еліміздің санитар-дәрігерлері Қытайға жолы түскен азаматтарға респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға шақырады.

Мамандар вирустың жаңа түрі адамнан адамға жұқпайтынын атап өтті. Олардың болжамынша, ауруға шалдыққандар дертті мал және шикі теңіз өнімдерін жеу арқылы жұқтыруы мүмкін. Айта кетейік, осыған дейін Қытайдың Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында пневмония ауруының белгісіз түрі тарап жатқаны хабарлаған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында қауіпті дертті 27 адам жұқтырған. Ал 2020 жылдың 5 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, ауруды жұқтырғандардың саны 59-ға өсті. Адам өлімі тіркелмеген.

Еліміздің санитар-дәрігерлері Қытайға жолы түскен азаматтарға респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға шақырады. Хубэй провинциясына Қазақстаннан тікелей әуе рейстері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт