USD
USD
USD

Қытайды қымбатшылық жайлады

Әлемді қымбатшылық жайлап барады. Сәуірде Қытайдағы тұтынушылық инфляция 2% өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайды қымбатшылық жайлады
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Әлемді қымбатшылық жайлап барады. Сәуірде Қытайдағы тұтынушылық инфляция 2% өсті. Бұл соңғы жарты жылдағы ең үлкен көрсеткіш, дейді tengenomika сарапшылары. Өткен айда елде енгізілген қатаң локдаундарға байланысты азық-түлік қатты қымбаттады. Мысалы, Қытай Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  жаңа піскен көкөністердің құны сәуірде 24%-ке көтерілген. Сондай-ақ жанармай 28% қымбаттады. Тұтынушылық бағалар индексіне кіретін тауарлардың ішінде ең жылдам өскен жанармай құны. Осылайша ковидпен күрес және Украинадағы соғыс Қытай инфляциясын да біршама үдетті.  Алайда ол болжаған 3%-тің айналасында тұр.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян