Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қытайдан тағы бір жұқпалы вирус шықты

Гуанчжоуға Кениядан келген науқастан BA.2.12.1 омикронының жаңа нұсқасы анықталды. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мәлім етті.

Қытайдан тағы бір жұқпалы вирус шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. CCDC мәліметтері бойынша, сәуір айының соңында Найробиден (Кения) Гуанчжоуға келген 27 жастағы науқасқа 14 күндік карантин кезінде омикронның BA.2.12.1 нұсқасы диагнозы қойылған. Омикронның жаңа нұсқасы әлемнің кем дегенде 23 елінде тіркелген.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдерді омикронның жаңа қосалқы нұсқасына байланысты жағдайдың ушығуын бақылауға алуға және мұқият болуға шақырған болатын.

Өйткені, бұл омикронның басқа нұсқаларымен салыстырғанда, BA.2.1 иммундық қорғанысқа күшті қарсылық көрсетеді.

Тіпті, коронавирусқа қарсы үдеткіш екпелер алған адамдарға да ауыр соғуы мүмкін. BA.2.12.1 омикронының өткізгіштігі BA.2 омикрон штамының нұсқасына қарағанда 23-27%-ға жоғары болып шықты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример