USD
USD
USD

Қытайдан тағы бір тұмау шықты

Қытайда шошқа тұмауының жаңа штаммы анықталды, – деп хабарлайды ScienceAlert.

Қытайдан тағы бір тұмау шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа штаммға G4 атауы берілді. Ол 2009 жылы пандемияның пайда болуына әсер еткен H1N1 вирусының генетикалық ұрпағы делінеді. 

Зерттеушілер 30 000-нан аса шошқа етіне зерттеу жүргізіп, 179 вирусты анықтаған. Олардың ішінде ең жұқпалы G4 штаммы болған. Ол адам жасушаларында белсенді түрде көбейген. 

Антиденелерге арналған тест нәтижелері бойынша, ет комбинатында жұмыс істейтін он қызметкердің бірі жаңа штамм жұқтырған. Тестілер Қытай халқының 4,4 пайызы вирусқа жұқтырғанын көрсеткен. Осылайша ғалымдар вирус жануарлардан адамға жеткенін дәлелдеді.

Енді зерттеушілер вирус одан әрі мутацияланады деп қорқып отыр. Сондай-ақ, оның халық арасында жаңа пандемияның тарауына әсер етуі мүмкін деген қауіп бар екені айтылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев