USD
USD
USD

Қытайдан келген 25 адам ауруханадан шықты

Қазақстанның бас инфекционисі Динагүл Баешова 6 қаңтардан кейін Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды бақылау жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдан келген 25 адам ауруханадан шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық сараптама орталығы вирусты, соның ішінде коронавирусты тасымалдаушы деп күдіктелген адамдарға зертханалық зерттеу жүргізуде. Бұл жұмысқа облыс орталықтарының және республикалық маңызы бар қалалардың барлық вирусологиялық зертханалары тартылған. Мұнда қызуы көтерілген барлық тұрғындар жөнінде емес, 6 қаңтардан бастап Қытайдан келгендер туралы айтып жатырмыз», - деді дәрігер Қазмедиа орталығында өткен брифингіде.

31 қаңтардағы жағдай бойынша, Қытайдан келген 66 тұрғын дене қызуымен және ЖРВИ шағымымен оқшауланып, ауруханаларға жатқызылды.

«Әзірге 25 адам стационардан шығарылды, 41 адам ауруханада қалды. Барлық бақылаудағы ауруханалардан алынған сынамаларды қосымша зерттеу үшін Алматыдағы Әйтімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберіп жатырмыз. Бұл орталық жаңа коронавирусты диагностикалайтын Полимеразды тізбекті реакция әдістемесін меңгерген», - деді Д. Баешева.

Қазір оқып жатыр

Мамандар Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын кешенді тексеруге кірісті

тексеру

Тараздағы зауыттағы оқиғадан кейін «Қазақмыс» ресми түсініктеме берді

Қазақмыс

Интернеттің жаппай өшірілуі қазақстандықтардың ақпарат алу құқығын шектемей ме?

Интернет

«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген

шәкіртақы