USD
USD
USD

Қытайдағы вирустан 17 адам көз жұмды

Қытайдағы арты өлімге алып келетін жұқпалы індеттен көз жұмғандардың саны 17-ге бір-ақ жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Қытайдағы вирустан 17 адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қытайдың Хубэй провинциясының денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері мәлімдеді. Қазіргі таңда коронавирустың жаңа түрі Қытайдың 25 провинциясы мен қаласында тарап кеткен. Өкпесі қабынып, ауруға душар болғандардың саны 571-ті құраған, оның 444-і індет алғаш рет пайда болған Хубейдің тұрғындары екен. 95 науқастың жағдайы мүшкіл. 

Қатерлі індет Қытай аумағынан сыртқа таралып үлгеріпті. Қазіргі таңда ауруды жұқтырғандар Жапонияда, АҚШ-та, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Гонконг пен Австралияда анықталыпты. Қытай билігі вирустың адамнан адамға тікелей ауысатынын растап отыр. 

Осыған байланысты Қытай аурудың «отанын» жауып тастапты. Бүгінгі күні Хубейдегі Ухань қаласына баратын және қаладан шығатын автобустарды тоқтатып, әуежай мен темір жол станциясын уақытша жауып тастапты. 

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі