USD
USD
USD

Қытайдағы індеттен бір адам көз жұмды

Қытай Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрімен ауырған алғашқы адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайдағы індеттен бір адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алдын ала диагноз қойылған коронавирусты жұқтырудың 41 жағдайы анықталды, оның ішінде екі адам ауруханадан шығарылды, жеті адам ауыр жағдайда, бір адам қайтыс болды, қалған пациенттердің жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта 739 адам, оның 419-ы науқастармен тығыз байланыста болған медицина қызметкерлері медициналық қадағалауда. Әзірге олардан ауру жұқтыру белгілері анықталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында жергілікті билік Хубэй провинциясының Ухань қаласында шыққан беймәлім өкпе қабынуының өршуі туралы мәлімдеген болатын. Қытай сарапшылары 9 қаңтарда қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.

Қазір оқып жатыр

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс